"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Областной дебатный турнир среди школьников на Кубок акима Акмолинской области

05.07.2024

Ақмола облысы әкімінің кубогына арналған мектеп оқушылары арасындағы облыстық пікірсайыс турнирін 2024 жылғы 3-4 шілде күндері Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының» ұйымдастыруымен өткізілді.

Турнир 2 кезеңнен тұрды:
бірінші кезең: (5-12 маусым аралығында) «Аймақтық» (онлайн форматта) – «тірек» пікірсайыс клубтары, бекітілген аудандармен, ведомствоға бағынысты ұйымдармен аймақтық пікірсайыс турнирлерін өткізді;
екінші кезең (3-4 шілде): «Облыстық» (оффлайн форматта) – Ақмола облысы әкімінің кубогы үшін облыстық пікірсайыс турнирі.

Турнирге Ақмола облысының 10 ауданынан, 3 қаласынан барлығы 26 команда, олардың құрамында 78 бала қатысты.

Турнир дүниежүзілік мектеп форматы бойынша өткізіліп, іріктеу кезеңінен, жартылай финалдан және финалдан тұрды. Қорытынды бойынша «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі»КММ-нің оқушылары: Абилгазина Дамира, Мусабаев Рухият, Қабдуахит Нұрасыл 3 орынға ие болды. Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Баядилова Мирамкул Айсиновна.
 

Просмотров: 4420


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст