2020 жылдың 25 тамызында аудандық әдістемелік кабинеттің жылдық жұмыс жоспары аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту секциясының отырысы өткізілді, оның қатысушылары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен әдіскерлері, мектеп директорларының ОТЖ жөніндегі орынбасарлары, шағын орталықтардың тәрбиешілері, мектепке дейінгі дайындық сыныптарының мұғалімдері болды.
Отырыста мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі 2020 - 2021 оқу жылындағы оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері қарастырылды.
Өзгерістер мектепке дейінгі біліммен байланысты нормативтік құқықтық актілерге әсер етті:
1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы міндетті стандарт.
2. .Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың типтік оқу жоспарлары.
3. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің типтік ережелері.
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың типтік оқу бағдарламасы.
5.Мектепке дейінгі ұйымдарға білім беру қызметін ұсынуға арналған типтік келісім шарт.
6. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің ережелері.
Коррнавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепалды даярлық сыныптарының/топтарының оқу процесін ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстарына ерекше назар аударылды.
Сондай ақ келесі пункттер қаралды: Есіл ауданының мектепке дейінгі мекемелерін аумақтық және жастық тұрғыдан қамту, әдістемелік қолдау, вебинарлар, кадрлармен жұмыс, біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары, аудандық және облыстық деңгейде озық педагогикалық тәжірибені қорыту.
Мектепке дейінгі білім беру әдіскері М. Унгефуг