"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бірлескен іс-әрекеттің түрлі формалары арқылы ата-аналарды оқу үдерісіне тарту» диалог алаңы

05.11.2020

30 қазанда Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Бірлескен жұмыстың әртүрлі формалары арқылы ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне тарту» атты  онлайн диалог алаңы өткізілді. Іс-шараға педагогика ғылымдарының кандидаты Г.Б.Кушпаева, Ақмола облысы білім басқармасы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері И.И.Ермұқанова, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жауапты білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскерлері, облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.

Іс-шара мақсаты: Тәрбиеленушілердің отбасыларымен жұмыстың инновациялық түрлерін енгізу арқылы ата-аналар қоғамдастығының тәрбие- оқу үдерісіне қатысу тиімділігін арттыру.

Міндеттері: 

-мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі оқу-тәрбие үдерісінің мәселелерін шешуге ата-аналар қауымдастығының назарын аудару;

- мектепке дейінгі білім беру қызметінің барлық қатысушыларының өзара әрекеттесуінде серіктестікті дамыту үшін жағдайлар жасау;

- ата-аналардың білім дағдыларын жандандыру және байыту;

- балалар отбасыларымен серіктестік байланыс орнату;

- балаларды тәрбиелеу үшін мұғалімдер мен ата-аналардың күш-жігерін біріктіру;

- ортақ мүдделер атмосферасын құру;

Іс-шара нәтижесінде ұйымдастырушылар бірлескен жұмыстың әр түрлі формалары арқылы ата-аналарды жетілдіру және білім беру үдерісіне тарту бойынша ұсыныстар жасады.

 

 

Мектепке дейінгі білім беру әдіскері      М.Унгефуг

Просмотров: 499


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст