«Ұлы даланың ұлы есімдері»
2 желтоқсанда «Рухани жағыру» бағдарламасы аясында ғылыми және білім беру қызметі саласындағы мұғалімдердің тәжірибесін анықтауға бағытталған «Ұлы даланың Ұлы есімдері» атты аймақтық қашықтық байқауы өтті.
5 бағыт бойынша ұсынылған жобалар:
1. «Ақмола облысының тарихи ескерткіштері»- 6
2. « Өлкетану - ұлттық жаңғыру»-5
3. «Шығыстың сөнбес жұлдызы- Әбу Насыр Әл-Фараби»-2
4. «Абай мұрасы-ұрпаққа ұлағат»-6
5. «Көкше өңірінің Ұлы есімдері»--2
Мұғалімдер ұсынған жұмыстар тақырыптары мен мазмұны жағынан қызықты болды. «Сарбаз туралы кітап жазамыз» жобасы бойынша «Өлкетану - ұлттық жаңғыру» бағытында Бұзылық орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Уразметова И.В. облыстық байқауға қатысуға ұсынылды.
Ерекше назар аудартқан жұмыстар С.Серіков атындағы орта мектебінің тарих және география пәнінің мұғалімі Г.С.Ахметбекованың «Знаменка ауылындағы Кеңес Одағының Батыры Нестеренко Д.П. ескерткіші», № 3 орта мектеібнің тарих пәнінің мұғалімі Жүсіпбекова Г.Т. «Ұлттық жаңғыру», № 3 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Касжан Р. «Ақмола облысының тарихи ескеркіштері», Московское орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Маханова Л.Т. «Абай мұрасы-тәрбие құралы», Іглік негізгі мектебінің Хайдарова А.С. «Ұлы халықтың Ұлы Абайы», Свободное орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Панияз А. «Әл-Фараби еңбектеріндегі тәрбиелік ойындар және олардың маңызы» болды.
Ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі арқылы оқушылардың тарихи мұраларға, халық дәстүрлеріне, қазақ халқының ұлы ағартушыларына деген қызығушылығы мен құрметін тәрбиелеу жолында еңбек етіп жүрген келесі мұғалімдерді атап өткен жөн. Аменова Л.В. (Юбилейная орта мектебі), Канашева А.К. (Бұзылық орта мектебі), Абдикова А. (№ 3 орта мектеп), Хусман М. (Құмай орта мектебі), Аюбекова Т. (Құмай орта мектебі), Самалхан С. (Красивое орта мектебі), Жұмағұлов С.А. (Сұрган орта мектебі), Каркабатов С.К. (Орловка орта мектебі)
Байқауға қатысушылардың жұмыстары мақтау қағаздарымен, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Г.Каримова, Есіл ауданы