Мектеп көшбасшысы Жанахмет Рахат «Елбасы Медалімен» марапатталды
Облыс әкімі Ермек Маржықпаев «Елбасы Медалі» бағдарламасының үздік қатысушыларын марапаттады.
«Елбасы Медалі» - 14 – 29 жас аралығындағы жастарды жеті бағыт бойынша қолдауға бағытталған жоба. Олар: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, туристік саяхаттар, еңбек тәжірибесі.
Аталған бағдарлама Тұңғыш Президент Қорының және Елбасы Академиясының «Ел Үміті» атты бастамасы аясында іске асырылуда.
ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада өңір басшысы «Елбасы Медалі» бағдарламасына Ақмола облысынан қатысып, үздік шыққан 10 қатысушыға қола медальдарды табыстады. Олардың қатарында Есіл қалалық №3 орта мектебінің 11-сынып оқушысы, үздік Ұланбасы Жанахмет Рахат Нұрдаулетұлы бар. Тек мектептің ғана емес, тұтас ауданның мақтанышы болған Рахатты осы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!