2020 жылы 24 желтоқсанда «Мектепке дейінгі ұйымдарда ММЖС жағдайында ЕБҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында аудандық вебинар өткізілді. Қатысқандар: балабақша меңгерушілері,педгог- психологтар, бөбек-жайлар тәрбиешілері мен әдіскерлері, инклюзивті білім беру әдіскері, мектепке дейінгі білім беру әдіскері. болды.
Вебинар барысында мектепке дейінгі білім беру әдіскері М.В.Унгефуг мектепке дейінгі ұйымда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының басым міндеттері мен мазмұнымен таныстырып өтті.
Балабақшалар жұмысы тәжірибесінен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс ерекшеліктерімен Есіл қ. №2 "Болашақ"бөбек-жайы» МКҚК тыңдалды. Баяндаушы педагог-психолог Тетеля Г.И. №1 «Гүлдер» бөбек-жайы» МКҚК ЕБҚ бар балалармен психологиялық қызметтің жұмысы туралы педагог-психолог Енсебаева Л.К. осы санаттағы балалармен жұмыс жүргізу барысын бейнелейтін бейнекөрініс көрсете отырып баяндады. №3 «Балбөбек» бөбек-жайы» МКҚК әдіскері Исмаилова Г.Т. ЕБҚ бар балаларды психологиялық сүйемелдеу туралы сөз қозғады.
Инклюзивті білім беру әдіскері Н.Б.Баягизова мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету туралы сөз сөйледі.
Семинар жұмысы соңында қорытынды шығарылып, тиісті әдістемелік ұсыныстар берілді.
Мектепке дейінгі білім беру әдіскері М.Унгефуг