«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы

17–19 шілде аралығында Есіл ауданында республикалық «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында қорғаншылық және қамқоршылық бас маманы, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшесі Ботагоз Зейнуллина аудандық Полиция бөлімі қызметкерлерімен және Жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірлесіп тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Тұрғындарға отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік, қолданыстағы заңнама талаптары, сондай-ақ көмек пен қорғау алу жолдары түсіндірілуде. Сонымен қатар азаматтарға жеке және отбасылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар қамтылған ақпараттық жадынамалар мен буклеттер таратылуда. Іс-шара барысында тұрғындар тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамауға, құқық бұзушылықтар туралы уақтылы хабарлауға және қоғамдағы қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бірлесе атсалысуға шақырылды.