"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мемлекеттік тілді мектепке дейінгі жастан бастап оқытудың ерекшеліктері» шебер-класы

02.04.2021

2021 жылдың 18 наурызында Есіл ауданы білім бөлімінің АӘК жұмыс жоспары аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қазақ тілі оқытушыларына арналған «Мемлекеттік тілді мектепке дейінгі жастан бастап оқытудың ерекшеліктері» аудандық шебер-класс өткізілді.  

Шебер-классқа білім беру мекемелерінің әдіскерлері, бөбек-жайлар мен шағын орталықтардың қазақ тілі оқытушылары қатысты.

Мемлекеттік тілді мектепке дейінгі жастан бастап оқытудың маңыздылығы туралы ББМ МДО әдіскері  Унгефуг М.В.айтып өтті.

Тәрбиеленушілерді осы бағытта оқыту тәжірибесімен «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қ.№1 «Гүлдер» бөбек-жайы» МКҚК қазақ тілі оқытушысы Қоқасова Әдемі Қанағатқызы  «Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын дамыту» тақырыбында баяндама жасады.

Шебер-класс қатысушыларына онлайн форматта «Жыл мезгілдері» тақырыбында қайталау сабағының үзіндісі көрсетілді.

Жұмыс әдістемесімен, сабақта қолданылатын формалармен және тәсілдермен танысу үшін «Ғажайып күз» бейне сабағы көрсетілді. Бұл сабақ «Қазақшаң қала, балақай?» байқауының облыстық кезеңінде 2019 жылы жүлделі 3-ші орынды иеленді. Құрамында «Ақмола облысының «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының» төрайымы Есекеева М.М. және шығармашылық дарынды балалармен жұмыс жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының бұқаралық бөлім меңгерушісі Шарипова Д.М. бар қазылар алқасы мұғалім шеберлігінің жоғары деңгейін, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауға деген ұмтылыс пен қабілеттілікті жоғары бағалап атап өтті.

Диалог алаңы барысында шебер-класс әріптестері тарапынан жоғары бағаланды.

Көрсетілген сабақтар тәрбиеленушілердің алған білімдерін қолдана отырып, белсенді жұмыс істейтіндігін, барлығы диалогқа қатысатындығын, топтың қалған мүшелерінің пікірлерін тыңдай алатындығын айқын көрсетеді. Балалар жаңа тақырыпты қабылдауға дайын және жеткілікті білім қорына ие болды, бұл мұғалімнің жүйелі жұмысын көрсетеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі мұғалімдері үшін өте мазмұнды және пайдалы материал. Қоқасова Ә.Қ. осы салада жоғары кәсібилік пен жақсы тәжірибе көрсетті. Әріптестер бұл семинарды міндетті түрде «әдістемелік сандықшаға» қабылдайтындықтары туралы пікір білдірді. Шебер-классқа қатысушылар Әдемі Қанағатқызына үлкен ризашылықтарын білдірді.

 

Білім бөлімінің МДО әдіскері:                                       Унгефуг М.В.

Просмотров: 427


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст