27 тамызда өткізілген мемлекеттік тілде оқытылатын мектептердегі тарих пәні мұғалімдерінің аудандық тамыз кеңесінің секциялық отырысы бойынша ақпарат
Секциялық отырыс жоспар бойынша өткізілді. Мемлекеттік тілде оқытатын мектерден барлық тарих пәні мұғалімдері қатысты.Алдын ала бекітілген жоспар бойынша оқу жылының басталуымен құттықтап, президентіміз Қ.К. Тоқаевтың «Білім келешегі:адал азамат, кәсіби маман атты пленарлық отырыстағы мақаласынымен таныстырылды. Мақалада президент бес басым бағыттар санын атап өтіп, аса маңызды мәселелерге тоқталғанын жеткізілді. Осы бағыттар ішінде мұғалімнің цифрлық сауаттылығы мен жасанды интеллектіні білім саласына енгізу, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне мән берілді.
Модератор Панияз Айжан осы орайда цифрлық білім беру ресурстары мен жасанды интеллекті бойынша толық ақпарат беріп, бірнеше жасанды интеллект ресурстарын мұғалімдерге әдістемелік қолдау ретінде көрсете кетті.
Келесі мәселе 2025-2026 оқу жылының әдістемелік нұсқау хатымен таныстырлып, ондағы Қазақстан , дүниежүзі тарихы және құқық негіздері бойынша ерекшеліктерге тоқталынды. Жиынтық бағалаулар, қысқа мерзімді жоспар жасаудағы құндылықтарт жүйесі т.б аса маңызды жақтары қаралды
Жоспарға енгізілген тағы бір аса маңызды мәселе тарих сабағында ойын сөз алған Есіл қаласының №3 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Медеуова А.Б. сабақта қолданылатын ойын түрлері, тарихи монополия туралы мағлұматтар берді.
Педагогтердің аттесттау ережесіндегі аса маңызды тармақтардың бірі авторлық жұмысты жазу, қорғау мәселесіне де тоқталып, Хуаныш Н осы мәселе туралы өз әдістемелік нұсқауымен бөлісті.
Әдістемелік кеңес мүшелері отырысты қорытындылап, келесі отырысқа жоспар құрып, қандай мәселеге тоқталу керек деген сұрақтарға жауап іздеді
Тамыз кеңесіне арналған секциялық отырысқа кері байланыс беріліп, қанағатттарлық деп шешім қабылданды.