Жыл сайын Есіл ауданының білім беру бөлімінің аудандық әдістемелік кабинетінің жоспары негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Қазақшаң қалай, балақай" байқауының аудандық кезеңі өткізіледі.
Байқауға орыс тілінде оқытатын және тәрбиелейтін 5 жастағы тәрбиеленушілер қатысты. Олар қазақ тілін жетік меңгеріп, байқау тапсырмаларын орындады.Байқаудың шарттары жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу бағдарламасына сәйкес әзірленді. Байқауға қазақ тілінің 4 оқытушысы қатысты.
Қазылар алқасы критерийлер негізінде қазақ тілі бойынша ұсынылған бейне сабақтардың рейтингін анықтады:
1 орын:
Қоқасова Әдемі Қанағатқызы-Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Есіл қаласының № 1 "Гүлдер "бөбекжайы МКҚК»
3 орын:
Исмаилова Гүлбану Төлешқызы-Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Есіл қаласының № 3 "Балбөбек "бөбекжай-бақшасы" МКҚК»;
Касенова Лаззат Берлинбаевна-Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Заречный ауылының "Айналайын "бөбекжайы" МКҚК»;
Қатысқаны үшін грамотамен белгіленген:
Серікова Айгүл Тілеухорқызы-"Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Есіл қаласының № 2 "Болашақ" бөбекжайы"МКҚК.
"Қазақшаң қалай, балақай" байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Қоқасова Ә.Қ. бейнесабағы құзыретті қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, 11 қатысушының арасынан жүлделі 1 орынға ие болып, музыкалық орталық сыйлығы тапсырылды.
Белсенді өмірлік ұстанымы және қазақ тілін дамыту мен насихаттауға қосқан жеке үлесі үшін, Қазақ халқының мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлерін сақтауға және дамытуға ықпал еткені, ұлттық мәдениетті танымал еткені үшін Есіл ауданы білім беру бөлімінің кәсіподақ төрағасы А.К. Ашеновтың атынан мақтау қағазымен және электрпеші сыйлығымен марапатталды.
Әдемі Қанағатқызын шын жүректен құттықтаймыз және зор денсаулық пен жұмыста табыс тілейміз!