"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2026 жылғы 7 сәуірде «С.Серіков атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында әкелерге арналған «Әкесі - жауапты лауазым» тақырыбында аудандық семинар өтті

08.04.2026

2026 жылғы 7 сәуірде «С.Серіков атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында әкелерге арналған «Әкесі - жауапты лауазым» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға Есіл ауданының мектеп және балабақша әкелері қатысты.

Семинарды әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Хангишиева Джамиля Гаджиевна құттықтау сөзімен ашты. Семинарға қатысушыларды «С.Серіков атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Людмила Николаевна Корниенко таныстырды.

Қатысушылар үш секцияға бөлінді. Бірінші секцияда «Мен және менің балам: өзара түсіністікті іздеу» тақырыбында тренинг өтті. Оны «Свободный ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ директордың орынбасары Мутафиди Галина Михайловна жүргізді.

Сондай-ақ «Әкелердің отбасы мен мектеп өміріндегі белсенді ұстанымы» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақты «С. Серіков атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ педагог-психологы Малинская И.В. және әлеуметтік педагог Якимова Н.В. жүргізді.

Екінші секцияда қатысушылар «Әке рөлі арқылы танысу» тақырыбындағы сабаққа қатысты. Оны «Ковыльный ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ директордың орынбасары Баегизова В.А. жүргізді. Сонымен қатар «Папа вам не мама» атты ойын элементтері бар психологиялық тренинг өтті, оны «Курский ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог-психологы Шайхыстанова А.Н. өткізді. Сондай-ақ «Әке — баланың өміріндегі ең ықпалды адамдардың бірі» тақырыбында талқылау ұйымдастырылып, оны «Есіл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ әлеуметтік педагогы Байбасунова А.М. жүргізді.

Үшінші секция «Әкелер стартта: танысу және күтілімдер» атты сабақпен басталды, оны «Аксай ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ әлеуметтік педагогы Дарбаева Анна Владимировна өткізді. Сонымен бірге «Әкенің үш рөлі» атты практикалық сабақ өтті, оны «Заречный ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ директордың орынбасары Рерих Елена Викторовна жүргізді. Сондай-ақ «Әкелер, бізбен бірге болыңыздар» тақырыбындағы сабақты «Есіл қаласының № 2 «Болашақ» бөбекжай-бақшасы» МКҚК педагог-психологы Барашкова Светлана өткізді.

Пленарлық отырысты «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Кажетова Майра Айтказовна жүргізді. Пленарлық бөлімде «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда әкенің рөлі» тақырыбында Есіл  аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Зейнуллин Дамир Маратович баяндама жасады. «Менің отбасым — менің тірегім» тақырыбын «Есіл қаласының №2 «Болашақ» бөбекжай-бақшасы» МКҚК тәрбиеленушісінің әкесі Заволоко Александр Владимирович ұсынды. «Ұл тәрбиесі — ұлт тәрбиесі» тақырыбында «Есіл қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушысының әкесі Тоқторхан Жандос сөз сөйледі. Сонымен қатар «Бала өміріндегі әкенің рөлі» тақырыбында интерактив элементтері бар шағын дәрісті «Двуречный ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог-психологы Мынбаева Жанар Тасбулатовна өткізді.

Семинар қорытындысын Кажетова Майра Айтказовна шығарып, қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Семинар әкенің бала тәрбиесіндегі, отбасы мен мектеп өміріндегі белсенді рөлінің маңыздылығын атап өтіп, сондай-ақ Есиль ауданының ата-аналары мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Просмотров: 1000


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст