"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕСІЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОГО УЧРЕЖДЕНИЯ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕСИЛЬСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік мектеп»

16.07.2026

«Үздік мектеп» 
2025 жылғы 14 шілдеде «Үздік мектеп» облыстық байқауының аудандық кезең қорытындысын шығару жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті. Байқауға Юбилейное, Московское, Свободное және Ковыльное ауылдарының жалпы білім беретін мектептері қатысты.
Байқау материалдарын бекітілген критерийлерге сәйкес бағалау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I орын – Свободное ауылының жалпы білім беретін мектебі;
II орын – Ковыльное ауылының жалпы білім беретін мектебі;
III орын – Московское ауылының жалпы білім беретін мектебі және Юбилейное ауылының жалпы білім беретін мектебі.
Байқау жеңімпазы – Свободное ауылының жалпы білім беретін мектебі – өз қызметінің жоғары нәтижелері, тиімді басқару жүйесі және заманауи педагогикалық тәжірибелерді табысты енгізгені үшін «Үздік мектеп» облыстық кезеңіне қатысуға ұсынылды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!

Просмотров: 567


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст