27.08.2026
Құрметті Есіл ауданының педагогтері!
«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ 2026 жылғы 27 тамыз – 11 қыркүйек аралығында «Үздік педагог – 2026» конкурсының аудандық кезеңі өткізілетінін хабарлайды.
Порталға қатысушылардың құжаттарын жүктеу 27 тамыздан басталады.
«Үздік педагог» атағын беру конкурсына білім беру ұйымдарының штаттық педагогтері болып табылатын және конкурсқа қатысу үшін құжаттарын ұсыну сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады.
Білім алушылар мен педагогтердің жетістіктері халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде болуы тиіс. Конкурсқа қатысу Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің №514 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушылар порталға мына құжаттарды жүктеуі қажет:
Оқыту тіліндегі портфолио;
Сабақ жоспарын ұсына отырып, ұзақтығы 7 (жеті) минутқа созылатын бір бейнесабақ (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), ұзақтығы 15 (он бес) минутқа созылатын бейнесабақ (орта, арнаулы, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін);
«Үздік педагог» атағын беру конкурсын өткізу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сай озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау (ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейінгі бейнеролик);
Қазақстан Республикасы Білім министрлігі айқындайтын тақырыпта көлемі 500 (бес жүз) сөзден аспайтын эссе.
Барлық сұрақтар бойынша 87712647575 нөміріне хабарласыңыздар!
ӘКМ меңгерушісі
Хангишиева Д.Г.