Есіл ауданының ұстазы – облыстық байқау жүлдегері!
21.11.2026
Есіл ауданының ұстазы – облыстық байқау жүлдегері!
«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес шағын жинақты мектептердің тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Үздік тарих мұғалімі» облыстық байқауы өткізілді.
Екі кезеңнен тұратын байқауда қатысушылардың кәсіби құзыреттілігі, педагогикалық шеберлігі, инновациялық әдістерді қолдану тиімділігі және оқыту тәжірибесінің нәтижелілігі бағаланды.
Байқау қорытындысы бойынша Есіл ауданының Свободный ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Тоқтархан Сұңқар жүлделі ІІ орынға ие болды! 🥈
Бұл жетістік – ұстаздың кәсіби шеберлігінің, ізденімпаздығының және қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Құрметті әріптесімізді жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, кәсіби өрлеу және жаңа белестер тілейміз!
