2021 жылдың тамыз айында Есіл ауданының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері барлық деңгейлерде: республикалық, облыстық және аудандық онлайн режимінде «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың жаңа бағдары» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагог қызметкерлеріне арналған панельдік сессиялардың отырыстарына қатысты.
Панельдік сессияда республикада, облыста және ауданда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің ағымдағы жай-күйін талдау тыңдалды, жылдық жұмыс жоспары әзірленді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту мәселелері, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделін іске асыру шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие-білім беру процесінің 2021-2022 оқу жылына арналған ерекшеліктері, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, әдістемелік сүйемелдеу және педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.
Сессия қатысушылары пікір алмасты, өз тілектері мен ұсыныстарын енгізді, толғандыратын сұрақтар қойды.
Панельдік сессия жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.
Мектепке дейінгі білім беру әдіскері М.Унгефуг