15 қазан күні сағат 15.00 - де "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Қазақ халқының отбасылық құндылықтары мен салт-дәстүрлері" атты үздік эссеге сырттай аудандық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты-Есіл ауданының жалпы білім беретін мектеп оқушыларының қазақ халқының рухани, мәдени, тарихи құндылықтары саласындағы білімдерін арттыру.
Міндеттері
Өскелең ұрпақ арасында қазақ халқының отбасылық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін танымал ету және насихаттау;
Қазақстанның мәдени мұрасына құрметпен қарауды қалыптастыру, оқушылардың ой-өрісін кеңейту;
Жалпы қазақстандық рухани құндылықтарды нығайту;
Жастар арасында ұлттық құндылықтар және оларды сақтаудың маңыздылығы туралы түсінуді арттыру.
Аудан мектептерінің 30 оқушысының арасынан жеңімпаз атанғандар:
Орыс тіліндегі шығармалар:
1 орын – Дорофеева Анна Жаныспай ауылының негізгі орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
2 орын – Жорабек Диас Заречный ауылындағы жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы;
2 орын – Адильбекова Маншук Московский ауылының жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы;
3-орын - Кулешов Анатолий Ақсай ауылындағы жалпы білім беретін мектептің 9 "Б" сынып оқушысы;
3 орын – Конджорян Сюзана Юбилейный ауылының жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы;
Қазақ тіліндегі шығармалар:
1 орын-Жмуртко Янна С. Серіков атындағы жалпы білім беру мектебінің оқушысы;
2 орын – Бағалым Еңлік Қаракөл ауылындағы жалпы білім беру мектебінің оқушысы;
2 орын - Кобзев Артем С. Серіков атындағы жалпы білім беру мектебінің оқушысы;
3 орын - Төлеуханқызы Бұлбұл Есіл қаласы, №3 жалпы білім беру мектебінің оқушысы;
3 орын –Азамат Назым Иглик ауылының негізгі орта мектебінің 7 сынып оқушысы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!