"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жыл отбасы" 18 қазан күні аудандық "Жыл отбасы" атты сырттай байқау өткізілді.

20.10.2021

"Жыл отбасы"

18 қазан күні аудандық "Жыл отбасы" атты сырттай байқау өткізілді.

 

Мақсаты:

Отбасы институтын нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

Міндеттері:

- отбасылық әулеттерге, жас және әлеуметтік жауапты отбасыларға қолдау көрсету;

- өңірде осыған ұқсас іс-шараларды (конкурстар, фестивальдар, акциялар) өткізуді ынталандыру және қолдау;

    - отбасының беделін арттыру;

    - отбасылық әулеттердің дұрыс тәжірибесін тарату.

Аудандық  байқауға сырттай 17 отбасы қатысты.

    Байқау  қашықтықтан өткізілді және келесі кезеңдерді қамтыды:

     1.Бейнепрезентация 10 минуттан аспайды (отбасының құрылу тарихы, отбасының құрамы, оның жетістіктері, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер, қайырымдылық және волонтерлік қызмет туралы ақпарат,балалардың мектеп өміріне қатысу.(слайд презентациясы негізінде).

    2.Менің отбасымның "Бақытты отбасы: отбасылық қуаныш, махаббат, нәзіктік,қамқорлық"фотоколлажы немесе альбомы.  (отбасының туу тарихы, баланың туылуы, алғашқы жеңістер, жетістіктер.(отбасы ішіндегі өмір мен қарым-қатынастың ең жақсы сәттерін көрсететін оң фотосуреттер).

 Байқаудың құрамына кірген қазылар алқасы:

Кекенова Анар Сембайевна – Есіл қаласы "Nur Otan" партиясының төрағасының бірінші орынбасары;

Ашенов Алмас Кәмелович – аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы;

Каримова Гульнар Кабулкаировна - "Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі"ММ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі;

Кудерина Айсұлу Омарбековна-мониторинг бойынша әдіскер;

Мусина Алмагуль Султановна-гуманитарлық цикл бойынша әдіскер;

Гордиенко Юлия Павловна - Жас Ұлан әдіскері;

Сизова Людмила Владимировна-жасөспірімдер шығармашылық үйінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері;

Қашықтықтан өткен аудандық байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:

Бас жүлде – Есіл қаласы №3 жалпы білім беретін мектебінің Мубарак отбасы;

1 орын –Орловка аулының жалпы білім беру мектебінің Мудрик обасы;

2 орын –Ковыльный ауылының жалпы білім беретін мектебінің Қалыбаевтар отбасы;

3 орын-Москвский ауылындағы жалпы білім беретін  мектебінің Травкиндер отбасы;

3 орын –Сұрған ауылындағы жалпы білім беру мектебінің Қасеновтар отбасы

"Жыл отбасы"аудандық қашықтық байқауының барлық қатысушыларын құттықтаймыз!!!  Отбасыңызға амандық, зор денсаулық, барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз!

    Аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы А. К. Ашеновқа, Есіл қаласы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары А. С. Кекеноваға көрсеткен қолдауы үшін зор алғысымызды білдіреміз!!!

Просмотров: 458


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст