"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

хабарландыру бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды мемлекеттік мекемесі басшысының орта және мектепке дейінгі білім беру 10.01.2022 г

05.01.2022

КОНКУРС

 

«Ақмола облысы  білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесі орта білім беру мемлекеттік мекемесі басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;

«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының Сайлау Серіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;

 «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім  бөлімі Интернациональный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;

«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білімі  Құмай ауылының негізгі орта мектебі» КММ;

«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім  бөлімі Заречный ауылының «Айналайын» бөбек балабақшасы» МҚКК.

Лауазымға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымында кемінде бір жыл өтілі; шағын жинақталған мектепте кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі, басқарушылық қызметінде еңбек өтілі қажеті жоқ. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары үшін: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдағы соңғы екі жыл өтілі.

 Орта білім беру ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымын оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Педагогикалық және әдістемелік кеңестермен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыруды ұйымдастырады.Жұмыс жоспарын, жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді. Жаппай оқумен қамту заңына сәйкес бекітілген учаске бойынша балаларды жалпыға міндетті оқумен қамтамасыз етеді. Білім беру қызметін жүргізу құқына арналған лицензияға сәйкес оқушылардың, тәрбиеленушілердің санын қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік қорғауын қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие үрдісі уақытында білім беру ұйымының оқушылары мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне қажетті жағдай туғызады. Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында олардың тамақтануы мен медициналық қызмет көрсетілуін бақылау мен жұмысын ұйымдастырады. Заңнамалармен бекітілген шекте білім беру ұйымының мүлкіне және қаржысына өкімдік етеді, құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаржысының түсуі мен шығындауы туралы жыл сайын есеп береді.

            Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуы мен толығуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына жауап береді.

            Педагогикалық карлар мен қосалқы қызметкерлерді іріктеуді және қоюды жүзеге асырады,басқару құрылымын, штаттық кестені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігінің артуына жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымы атынан сөйлейді, қажетті есеп берудің дайындалуын және ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Қызметтік жалақы мөлшері: еңбек еткен жылдарына байланысты 125500 ден 165105 теңгеге дейін.

Конкурс «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР білім және ғылым Министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 және «Орта білім беру мемлекеттік ұйым басшыларын алмастыру конкурсына қатысу үшін құжат тапсыру» 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 мемлекеттік стандарты негізінде  жүргізіледі.

Конкурс төрт кезең арқылы өткізіледі:

1. конкурсқа қатысушының біліктілігін бағалау;

2. мектептің Қамқоршылық кеңесімен  кандидаттарды келісу (бұдан әрі-қамқоршылық кеңес);

3.облыстық білім басқармасы органдарымен үміткерлерді келісу,  тестілеу;

4.конкурстық комиссия отырысында үміткерлермен әңгімелесу ;

Кандидаттар 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын және педагогика, психология негіздерін білуге арналған тестілеуден өтеді.

Тестілеуден өту кезінде кандидат 120 сұраққа жауап беруі қажет:

 нормативтік құқықтық актілер бойынша – 100 сұрақ;

 педагогика және психология негіздері бойынша – 20 сұрақ.

Тестілеуден өту үшін әрбір бағыты бойынша шекті деңгей 50% - ын құрайды.
            Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландырудың «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ  интернет ресурстарында  соңғы жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күн ішінде мына мекен-жай бойынша:   «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына - Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыру. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімдемесі:

  1. Тіркелген орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсете отырып конкурстық комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  4. Еңбек кітапшасының көшірмесі;
  5. Фотосуретімен қоса кадрлық есеп жүргізу жөніндегі жеке парақ
  6. Марапаттары мен жазаларын көрсете отырып алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  7. Біліктілік санаты  немесе ғылыми дәрежесі болуы туралы құжат көшірмесі;
  8. Медициналық тексеруден  өткендігі туралы құжат, ҚР денсаулық Министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 «Денсаулық сақтау ұйымдарында бастапқы медициналық құжаттардың нысанын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді бекітудің бірыңғай Реестрде тіркелген №6697) нысан бойынша.
  9. Сотталмағаны туралы анықтама

 10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

 11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

        Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың көшірмелері ұсынылған нотариалды немесе жұмыс орындағы кадр қызметімен куәландырылады.

Анықтама үшін телефондар: 8 (716 47) 50030,  8 (71647)50026              

 

 

 Басшы                                                                                                                             Н.Полюх

Просмотров: 403


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст