"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Итоги районного заочного конкурса лучших методических разработок по экологическому воспитанию обучающихся «Экологическое образование и воспитание»

18.02.2022

2022 жылдың 16 ақпанында «Экологиялық білім және тәрбие» оқушылардың экологиялық тәрбиесі бойынша үздік әдістемелік әзірлемелердің аудандық сырттай байқауының қорытындысы шығарылды.

Конкурсты өткізу мақсаты: экология, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында білім алушылармен оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыратын дарынды педагогтердің тәжірибесін қолдау және насихаттау, экологиялық тәрбие барысында оқу-білім беру процесінде қолдану үшін әдістемелік әзірлемелер банкін құру.

Міндеттері:

 - экологиялық бағыт бойынша білім алушылармен сабақ және сабақтан тыс іс-әрекеттің дәстүрлі және инновациялық әдістемелік жүйелерін жетілдіру бойынша педагогтердің жұмысын жандандыру;

- сыныптан тыс іс-шараларды өткізудің маңызды тәжірибесін жинақтау және тарату;

- педагогтарды оқу және сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға және педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға ынталандыру.

Қатысушылар: экологиялық бағыттағы бағдарламаларды жүзеге асыратын сынып жетекшілері, кеңесшілер, қосымша білім беру мұғалімдері.

Аталған байқауға Есіл ауданының жалпы білім беретін мектептерінен 5 педагог қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

I - Сабурова Галина Кязымовна «Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Ақсай ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-экология бойынша сыныптан тыс іс-шара: «Болашақ біздің қолымызда» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция;

II-Сорокина Елена Владимировна «Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ – «Жас эколог» экологиялық ойын-викторинасы;

III-Зеленко Наталья Сергеевна «Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Ковыльное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ – «Қоқысты бөлек жинау: қайта өңдеу үшін қалдықтарды қалай дұрыс сұрыптау керек» тақырыбына сабақ әзірлеу.

Просмотров: 385


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст