2022 жылғы 1 маусымда Есіл ауданының барлық жалпы білім беретін мектептерінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ, бұл күні мектеп жанындағы жазғы алаңдардың ашылуы өтті. Бағдарламада театрландырылған қойылымдар, спорттық жарыстар, асфальтта сурет салу конкурстары, қызықты концерттік бағдарламалар болды. Есіл қаласының қалалық алаңында балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының педагогтары «Бүкіл жер бетіндегі балаларға бейбітшілік» атты асфальтта сурет салу конкурсын өткізді, осы сайысқа әр түрлі жастағы 50-ден астам бала қатысты.
Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Бұл мереке ересектердің өскелең ұрпақтың әл-ауқаты, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілігін еске салады. Біздің еліміздегі әрбір бала махаббатқа, қуанышқа және бақытты балалық шаққа лайық.