2020-2021 жаңа оқу жылы...
2020-2021 оқу жылы көптеген оқушылар үшін штаттық режимде, ал кейбіреулері үшін қашықтық форматта басталды.
Министр А.Аймағамбетов атап өткендей, короновирустық инфекцияны жұқтыру қауіпіне байланысты басты басымдық-оқушылар мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығы.
Осыған байланысты Есіл ауданының мектептерінде оқыту балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне бағытталған. Дәстүрлі режимде 22 ауылдық шағын жинақты мектептің оқушылары оқиды. Ауданның 6 мектебінде қашықтықтан оқыту форматында 5-11 сынып оқушылары өтеді, ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін 77 кезекші топ құрылды.
Штаттық режимде және кезекші сыныптарда оқыту санитариялық қағидалар сақтала отырып жүргізіледі.
Жаңа оқу жылына дайындық шеңберінде ауданның 621 мұғалімінің 450-і қашықтықтан оқыту бойынша курстардан өтті, бірыңғай педагогикалық кеңестер, бірыңғай сынып сағаттары, бірыңғай ата-аналар жиналыстары, сынақ сабақтары өтті, қалыптасқан оқу орнында оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Оқушыларды оқыту үшін Күнделік, BilimLand, Online Мektep білім беру платформалары қолданылады.
Ауру қаупі төмендеген жағдайда оқытудың әдеттегі режиміне біртіндеп көшу болады.
«Есіл ауданының білім бөлімі»ММ-нің
Аудандық әдістемелік кабинеті
Начало формы
Конец формы