Ағымдағы жылдың 6 қазанында "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы мектепалды даярлық топтарында/сыныптарында өзгерістерді, апталық оқу жүктемесін түсіндіру бойынша онлайн режимінд еөңірлік вебинар өткізілді.
Вебинар қатысушылары: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысы, Ақмола облысы Білім басқармасының жауапты маманы, аудандық білім бөлімінің әдіскерлер мен экономистері(мектепалды сыныптарымен).
Өткізілген өңірлік вебинар қорытындысы бойынша 7 қазанда мектепалды даярлық сыныптары бар жалпы білім беретін мектеп директорларының, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының және педагог қызметкерлердің қатысуымен аудандық вебинар өтті.
Вебинарда бас экономистің м.а. Л. В. Корн және мектепке дейінгі білім беру бойынша әдіскер М. В. Унгефуг мектепалды оқыту тәрбиешісінің еңбекақысын есептеу тәртібі мен оқу жүктемесінің өзгерістерін жан-жақты түсіндірді.
Мектепке дейінгі оқыту әдіскері М.Унгефуг