"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

педагог-психологтарының әдістемелік бірлестігінің отырысы

02.09.2025

2025 жылғы 28 тамызда «Есіл қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында Есіл ауданының педагог-психологтарының әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Іс-шараға ауданның жалпы білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің мамандары қатысты.

Кеңес модераторы Есіл қаласының «С.Серіков атындағы ЖББМ» КММ педагог-психологы, аудандық педагог-психологтар қауымдастығының басшысы Малинская Инна Васильевна болды. Құттықтау сөзінде ол әдістемелік бірлестік қызметінің негізгі мақсаттары мен 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыстың басым бағыттарын белгіледі.
Күн тәртібі шеңберінде келесі мәселелер қаралды:
- 2025-2026 оқу жылына арналған индикативтік әдістемелік жоспармен (ИМП) танысу;
- нормативтік-құқықтық және әдістемелік жаңалықтарды талдау;
- педагог-психологтардың облыстық тамыз кеңесін қорытындылау.

Жаңа оқу жылында әдістемелік жұмысты жоспарлау, оның ішінде іс-шараларды, шеберлік сыныптарын, семинарларды және кәсіби өзара іс-қимылдың басқа да нысандарын өткізуге жауаптыларды бөлу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыстың маңызды бөлігі педагог-психологтардың біліктілігін арттыру мәселесі болды.
Қысқа мерзімді курстар бағдарламасының іске қосылуы туралы Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Г.Е.Шәріпова баяндады.

Курстардың тақырыбы: «Психологиялық кеңес беру педагог-психолог қызметіндегі бағыттардың бірі ретінде». Өз сөзінде спикер бағдарламаның мазмұнын, мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін ашып, заманауи жағдайда мамандардың консультативтік құзыреттілігін дамытудың маңыздылығын атап өтті.
«Әдістемелік қоржын» айдары аясында тәжірибе алмасу және жаңа әдістемелік әзірлемелер таныстырылды:
- Орловка орта мектебінің педагог-психологы Тайшиева А.М. «Білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық қолдаудың заманауи тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады;

Просмотров: 915


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст