31.03.2026
Есіл ауданының педагогы облыстық зоналық семинарға қатысты
2026 жылғы 31 наурызда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім алушыларды білім жетістіктерін бағалау мониторингіне (МОДО) дайындау бойынша тиімді тәжірибе алмасуға бағытталған облыстық зоналық семинар өтті.
Семинар аясында Есіл ауданының физика пәні мұғалімі Ребик Татьяна Юрьевна баяндама жасады. Өзінің «Физика пәні бойынша оқушыларды МОДО-ға дайындаудың тиімді стратегиялары» тақырыбындағы баяндамасында педагог жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған заманауи тәсілдер мен әдістерді ұсынды.
Татьяна Юрьевнаның баяндамасы семинар қатысушыларының қызығушылығын тудырып, әріптестер тарапынан жоғары бағаланды. Ұсынылған тәжірибе білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыруда педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдануға болады.
Ребик Татьяна Юрьевнаға алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер және шығармашылық шабыт тілейміз!