07.04.2026
📢 «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
2026 жылғы 3 сәуірде Көкшетау қаласында бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – педагогтердің математикалық сауаттылығын, логикалық ойлауын дамыту, сондай-ақ олардың кәсіби шеберлігін арттыру.
🏆 Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша І орынды Есіл ауданы, Московское ауылының «Жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Болатхан Батима иеленді.
👏 Жеңімпаз Ақмола облысының намысын республикалық кезеңде қорғайтын болады.
✨ Болатхан Батиманы жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыс, шығармашылық шабыт, кәсіби өсу және жаңа жеңістер тілейміз!
