"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республика күніне арналған диктант жазу туралы ақпарат

21.10.2022

Республика күніне арналған диктант жазу туралы ақпарат

 Биыл Қазақстанда көптеген жылдар ішінде алғаш рет ұлттық мереке - Республика күні атап өтіледі. Бұл мереке 13 жыл бойы атап өтілмеген. Осы мереке Мемлекет басшысының Жарлығымен күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енгізілді.

Кәзіргі кездегі Патриотизм - бұл өз Отанына адал, өз мемлекетінің дәстүрлерін, әдет-ғұрыптары мен тарихын сақтау болып табылады. Оқушылардың патриоттық ой - өрісін кеңейту, мемлекеттік тілдің беделін көтеру, мемлекеттік мерекені дәріптеу мақсатында 2022 жылғы 20-21 қазанда республика күніне жоспарланған іс-шаралар шеңберінде аудан мектептерінде 5-11 сыныптарда қазақ тілі мұғалімдері жалпы республикалық диктант жазу өткізді.  

Диктант жазу сапасы оқушылардың оқу деңгейіне сәйкес келеді жазудың төмен деңгейі жоқ, жазу сапасы қанағаттанарлық. Диктант оқушылардың сауаттылығын, орыс тілінде оқытатын сыныптарда жазуда қиындықтар туғызатын нақты әріптердің каллиграфиясын қалыптастырады, оқушылардың орфографиялық дағдыларын қалыптастыру құралы болып табылады. Диктант сөздерінде қазақ халқының барлық ұлттық құндылықтары айтылады, олар туралы оқушылар жақсы біледі, ал мәтіндер бұл білімді тағы да бекітті. Диктант жазу жаксы ұйымдастырылды.

Просмотров: 581


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст