2024 жылғы 27 маусымда су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің балаларына арналған «Туған елге саяхат» жазғы танымдық-туристік пойызы басталды.«Samruk-Kazyna Trust» қоры қолдайтын әлеуметтік жоба екі маусымда өтеді, оның әрқайсысына Есіл ауданынан 10-15 жастағы 5 бала қатысады.
1 маусымда «Есіл қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 5 оқушысы қатысады.
12 күн бойы балалар Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан және Байқоңыр қалаларындағы белгілі мәдени-тарихи орындарды аралайды. «Samruk-Kazyna Trust» қоры қолдайтын әлеуметтік жоба. Балалар жасақтарымен кәсіби тәлімгерлер мен аниматорлар жұмыс істейді. Жобаның әрбір қатысушысы рюкзак, гигиеналық құралдар, кепка, футболка және т.б. бар саяхатшы жиынтығын алды.Туристік турдың 1 күнінің бағдарламасы елордамыздың, Астана қаласының көрікті жерлерін аралауды қамтыды. Ол өте бай, жарқын және есте қаларлық еді. EXPO халықаралық көрме орталығына бару ерекше әсер қалдырды.